АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жетті

Дональд Трамп 2024 жылғы президент сайлауында жеңіске жетіп, Америка Құрама Штаттарының президенті болып қайтадан сайланды, деп хабарлады Fox News.  Ал АҚШ-тың басқа басылымдары сайлаудың нәтижесіне қатысты ақпарат таратпады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Fox News-тің хабарлауынша, Дональд Трамп арнайы сайлаушылардың 277 дауысын жинаған. Камала Харристе 226 дауыс бар.

Жеңіске жету үшін кандидаттар сайлаушылардың 270 дауысын алуы керек. Қазіргі таңда бюллетеньдерді санау ресми түрде аяқталған жоқ.

Ең соңғы нәтиже Трамптың көш бастағанын растаса, ол Ақ үйге жеңіспен қайта оралады.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тағы президент сайлауы 5 қарашада өтті. 

Қазір оқып жатыр

Депутат Алматыда Hilton қонақ үйін күштеп тартып алу әрекеті жүріп жатқанын мәлімдеді

Банктердің алтын дәуірі аяқталды – экономист

«Астана дәмханаларына ит еті жеткізілген» деген сыбысқа ветеринарлар не дейді?

«Қайрат Сатыбалды әскери колледжде дәріс оқыған»: Қорғаныс министрлігі мән-жайды түсіндірді