АҚШ-тағы орман өртінен бес адам қаза тапты

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласы маңындағы орман өртінен 5 адам қаза тапты. 

BBC

Алматы, NEGE. «Бұған дейін біз екі адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған едік. Өкінішке қарай, олардың саны бес адамға жетті», – деді Лос-Анджелес округінің шерифі Роберт Луна.

Сондай-ақ, ол өрттің әлі ауыздықталмағанын, зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екенін мәлімдеді. Жағдайды қатты жел мен құрғақ ауа райы қиындатып отыр.

BBC мәліметінше, өрт қазірдің өзінде 900 гектардан астам аумақты шарпыған. Оқиға орнында 700 өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр.

Лос-Анджелес округінің батысындағы Малибуда көптеген атақты адамдардың үйлері орналасқан.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты