АҚШ-та жүрген қазақстандық UFC файтерін секс-құлдыққа сатпақшы болған

Қазақстандық UFC файтері Мария Агапова АҚШ-та қиын жағдайға тап болғанын мәлімдеді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Бір аптадан кейін мен үйсіз қалатын шығармын. Сіз таң қалып отырсыз ба? Бірақ мен бұл жағдайға таң қалмаймын. Бұл менің Америкадағы өмірімнің қалыпты жағдайы. UFC жекпе-жегінің алдында баспанасыз қалу – бұл нағыз классика! Келесі аптада мен үйсіздерге арналған баспана іздеймін, себебі мен енді адамдарға сенбеймін. Пәтер жалдауға ақшам болмағандықтан, керек жерде тұрамын. Адамдар мені пайдаланып жатыр, олар менің жеке шекараларымды және менің өмірімді елемейді. Тіпті мені сыртымнан секс-құлдыққа сатуға тырысу әрекеттері де болды. Пайдалануды емес, баспанасыздарға көмек көрсетуді мақсат тұтатын қайырымдылық ұйымдары бар шығар? Білсеңіздер, маған жазыңыздар! Флорида штаты», - деп жазды Агапова әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Фото: инстаграм

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді