АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзыретті органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алды. 

threads.com/mnldrv

Астана, NEGE. Бұл жөнінде ведомствода өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта америкалық тарап қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзыретті органдарымен және азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста болып, қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде», – деді Жетібаев. 

Еске салсақ, бұған дейін желіде 24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың АҚШ-та жұмбақ жағдайда жоғалғаны туралы ақпарат тарады. Ол Чикаго қаласына жақын Форд-Хайтс ауданында тұрып жатқан. Соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан, ал 7 маусымнан бері телефоны өшірулі болып, одан хабар-ошар болмаған.