АҚШ-та жарты миллионнан астам мигрант заңды мәртебесінен айырылды

Заңды мәртебесінен айырылған мигранттар – Куба, Гаити, Никарагуа және Венесуэла елдерінің өкілдері.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі 530 мың мигранттың уақытша заңды мәртебесінің жойылғанын жариялады, деп хабарлайды Reuters. 

Заңды мәртебесінен айырылған мигранттар – Куба, Гаити, Никарагуа және Венесуэла елдерінің өкілдері. Бұл туралы 21 наурызда жарияланған Федералды тізілім хабарламасында айтылған.

Құжатқа сәйкес, 24 сәуірде екі жылға уақытша тұруға рұқсат беру бағдарламасын мерзімінен бұрын тоқтататын шешім күшіне енеді. Бұл бағдарлама мигранттарға егер америкалықтар арасында демеушілері болса, АҚШ-қа ұшып баруға мүмкіндік береді.

Трамп екінші рет Ақ үйге оралғаннан кейін иммиграциялық саясатты күшейтіп, рекордтық деңгейде депортациялауға күш салған. Ол өзіне дейінгі президенттің бастаған бағдарламасы федералдық заңнамаға қайшы келеді деп санады және 20 қаңтардағы жарлығында олардың күшін жоюды талап етті.

Сонымен қатар Трамп 6 наурызда Ресеймен қақтығыс басталғаннан кейін АҚШ-қа келген 240 мың украиндыққа қатысты рұқсат беру бағдарламасын жою туралы шешім қабылдайтынын мәлімдеген.

Қазір оқып жатыр

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

«Таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев Тоқаев жайлы пікір білдірді