АҚШ-та Жаңа жыл тойлап жүрген жұртты әлдебір адам жүк көлігімен қағып кетті

Бұл туралы CNN хабарлады. 

media.zenfs.com

Алматы, NEGE. Жаңа Орлеан қаласындағы Бурбон стрит көшесінде көлік межелі түрде қаққан 10 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам зардап шекті. Жаңа жыл мерекесі кезінде көшеде серуендеп жүрген адамдарды жүк көлігі келіп соққан.

Биліктің хабарлауынша, қылмыскер мұны әдейі жасаған. Одан кейін күдікті машинадан шығып адамдарға қарата оқ атқан, содан кейін бой тасалап үлгерген.

Бурбон-стрит қаланың орталық көшесі, онда көптеген мейрамхана мен бар орналасқан.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды