АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтар Өзбекстанға депортацияланды
Өзбекстаннан, Қазақстан мен Қырғызстаннан барып заңсыз қоныстанған 100-ден астам адам АҚШ-тан депортацияланды.
Алматы, NEGE. Олар қазақстандықтарды әрі қарай еліне жетуге оңай болу үшін Ташкентке жөнелтті, деп хабарлайды Fox News.
Нью-Йорктен Ташкентке ұшып кеткен ұшақ бортында 131 мигрант бар.
«Бұл Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан азаматтары. Қырғызстан мен Қазақстан азаматтары Өзбекстаннан тікелей өз елдеріне жол тартады деп күтілуде» деп хабарлады телеарна.
Өзбекстан өз азаматтарын қайтару жөніндегі шығындарды толығымен өз мойнына алды. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың қызметіне кіріскенінен бері шетелдік үкіметпен осындай алғашқы мәмілесі.
Өзбекстан СІМ атап өткендей, әңгіме визалық режимді бұзған және АҚШ-та заңды болу мерзімі өтіп кеткен азаматтар туралы болып отыр.
АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің мәлімдемесінде бұл депортацияны тарихи операция деп атады.
«Бұл маңызды серіктестік президент Трамп пен оның әкімшілігінің шетелдік серіктестермен жасаған ұзақ мерзімді табысты келісімдерінің соңғысы болады. Бұл Трамптың дипломатиялық ынтымақтастық пен заңсыз иммигранттардың шыққан елдеріне қайтып оралуына кепілдік беретін қалпына келтірілген иммиграциялық жүйе туралы ойларын білдіретін табысты әрекеттердің бірі ғана. Біз енді ғана бастадық», – деп баса айтты ведомство өкілдері.
Жақында Қазақстанның Америкадағы елшілігі заңсыз жүрген қазақстандықтарды АҚШ-тан өз еріктерімен кетуге шақырды. Осы орайда олар Отанына оралуға дайын қазақстандықтарға жеңілдіктер қарастырды.
Биылғы ақпан айында АҚШ-та миграциялық заңнаманы бұзды деген күдікпен қазақстандықтар ұсталды. Коста-Рика Трамп әкімшілігі АҚШ-тан депортацияланған алғашқы 200 мигрантты қабылдады. Олардың қатарында 3 қазақстандық болды.
Еске сала кетейік, АҚШ-та Трамптың инаугурациясынан кейін бірден мигранттарға қарсы рейд басталды.