АҚШ-та тираннозаврдың белгісіз түрінің қалдықтары табылды

Палеонтологтар Нью-Мексико штатынан бұған дейін белгісіз болған тираннозавр түрінің сүйектерін тапты6 деп хабарлайды Kazinform.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Зерттеушілер Scientific Reports ғылыми журналында жарияланған мақалада бұл жаңалық ғалымдарды ежелгі жыртқыштардың шығу тарихын ашуға жақындататынын атап өткен.

«Тираннозаврлардың пайда болған орны мен уақыты әлі күнге дейін белгісіз: олар Азияда, қазіргі Солтүстік Американың батыс бөлігі Ларамидияда да пайда болуы мүмкін деген болжамдар бар. Біз бұған дейін Ларамидия аумағында корольдік тираннозаврлар пайда болғанға дейін 6-7 миллион жыл бұрын өмір сүрген Tyrannosaurus mcraeensis тираннозаврын таптық», - деп жазады зерттеушілер.

Бұл жаңалықты Бат (Ұлыбритания) университетінің доценті Николас Лонгричтің ғылыми тобы осы ғасырдың басында Нью-Мексиконың оңтүстігінен табылған ежелгі тираннозаврлардың жақ және омыртқа сүйектерінің фрагменттерін зерттеу кезінде ашты. Бастапқыда палеонтологтар оларды корольдік тираннозаврлар тобына (Tyrannosaurus rex) жатқызды. Алайда ғалымдардың басқа тобы бұған күмән келтірді.

Қазір оқып жатыр

Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті