АҚШ-та пневмониялық обадан адам өлімі тіркелді

Аризона дәрігерлері пневмониялық обадан науқастың өлімін тіркеді. Бұл туралы Коконино округінің денсаулық сақтау қызметі хабарлады, деп жазды ТАСС.

Brandon Bell / Getty Images

Алматы, NEGE. Коконино округінің денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету бөлімінің шенеуніктері нәтижелерді 2025 жылдың 11 шілдесінде алды және округ тұрғынының Yersinia pestis бактериясы тудыратын ауыр өкпе инфекциясы пневмониялық обадан қайтыс болғанын растады, - деп жазылған Коконино округінің денсаулық сақтау қызметінің Facebook-тегі парақшасында.

Бұл 2007 жылдан бері ауданда аталмыш дерттен қайтыс болған алғашқы жағдай екені атап өтілді. Марқұмның жеке басы туралы ақпарат жарияланбады.

Пневмониялық оба – аурудың ең ауыр және ең аз таралған түрі және тыныс алу жүйесін қамтиды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?