АҚШ-та медициналық ұшақ апатқа ұшырады

Филадельфияда Jet Rescue санитарлық авиация компаниясының Learjet 55 жедел жәрдем ұшағы тұрғын үйлерге құлады.

видеодан алынған сурет

NEGE, Алматы. Ұшақ әуежайдан ұшып шығып, 30 секундтан соң құлаған.

Бортта 6 адам болған: 2 пилот, дәрігер, фельдшер, науқас және оның анасы. Бәрі Мексика азаматы. Пациент АҚШ-та емделіп, анасымен үйіне қайтып бара жатқан.

Жергілікті билік мәліметінше, тірі қалғандар туралы ақпарат әзірге жоқ. Апаттың себебі де белгісіз. Қазір оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Естеріңізге сала кетсек, АҚШ-та бұған дейін, 30 қаңтар күні Вашингтон қаласында ауқымды ұшақ апаты орын алған еді. Ұшақ өзенге құлап, 64 адамның ешқайсысы тірі қалмаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді