АҚШ-та қазақстандық жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбай жоғалып кетті. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Астана, NEGE. Жарияланған деректерге қарағанда, ол Чикаго қаласына жақын Форд-Хайтс ауданында тұрған. Әсет соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бері оның телефоны өшіп тұр.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың Чикагода жоғалып кеткені белгілі», – деп хабарлады ведомство.
Министрліктің мәліметінше, қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен байланыста. Сондай-ақ Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулдығы жоғалған азаматтың туыстарымен тұрақты байланыс ұстап отыр.
СІМ жағдай бақылауда екенін хабарлады.