АҚШ-та Қазақстан азаматы ұсталды
АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейдің ұсталып, уақытша қамауға алынғанын хабарлады.
Астана, NEGE. ICE мәліметінше, қазақстандық жігіт 5 маусым күні федералдық серіктестерінің көмегімен жүргізілген арнайы операция кезінде ұсталған.
Хабарламада былтыр жазда иммиграциялық судья Еламан Балтагерейді елден шығару туралы шешім шығарғаны, алайда оның сот отырысына келмегені айтылған.
«Еламан Балтагерей елден шығару туралы түпкілікті шешімі бар, терроризмге қатысы болуы мүмкін немесе терроризмге күдікті тұлға ретінде ұсталды», – делінген ICE мәлімдемесінде.
Ведомствоның мәлімдеуінше, қазақстандық жігіт депортациялау үшін қажетті жол жүру құжаттары рәсімделгенге дейін ICE қамауында болады.