АҚШ-та «Хелен» дауылынан қаза тапқандардың саны 117-ге жетті

АҚШ-тың оңтүстік-шығысында болған «Хелен» дауылы 117 адамның өмірін қиды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. CBS мәлімететі бойынша, Солтүстік Каролинада 46, Оңтүстік Каролинада 27, Джорджияда кемінде 25, Флоридада 13 адам қайтыс болды. Сонымен қатар CNN төртеуі Теннессиде, екеуі Вирджинияда қайтыс болғанын атап өтті. Солтүстік Каролинада 600-ге жуық тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен.

Соңғы мәліметтер бойынша, АҚШ-тың 2 миллионға жуық тұрғыны жарықсыз қалған. Дауылдан соң қатты жаңбыр жауып, су тасқыны болды. Су тасқыны мен көшкін салдарынан Солтүстік Каролинада 300-ге жуық жол, Оңтүстік Каролинада 150-ге жуық жол жабылды.

АҚШ президенті Джо Байден осы аптаның соңына дейін дауылдан зардап шеккен аймақтарға баруды жоспарлап отыр.

АҚШ-тың Флорида, Джорджия, Солтүстік Каролина, Алабама, Теннесси және Вирджиния штаттарында төтенше жағдай жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?