2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

АҚШ соты мигранттарды жедел депортациялауды тоқтатты

АҚШ соты Дональд Трамп әкімшілігінің жедел депортация жоспарын тоқтатты. Бұл туралы Bild басылымы хабарлайды.

trtrussian.com

Астана, NEGE. Бұған дейін жедел депортация жүйесі тек шекарада тікелей ұсталған адамдарға ғана қолданылып келген. Қаңтар айынан бастап АҚШ үкіметі бұл тәртіпті мемлекет аумағының барлығына енгізуді және елде кем дегенде екі жыл тұрғанын дәлелдей алмаған барлық шетелдіктерге қолдануды шешкен еді.

Алайда бұл жоспардың жүзеге асуына Вашингтондағы апелляциялық сот шектеу қойды. Ол 22 қарашада жедел депортацияны тоқтату туралы төменгі соттың шешімін күшінде қалдырды. 

Үкімет сот шешіміне апелляция берген. Оны 9 желтоқсанда қарастыруы тиіс.