АҚШ «Роснефть» пен «Лукойлға» қарсы санкциялар енгізуі мүмкін

АҚШ әкімшілігі Ресейдің ірі мұнай компаниялары — «Роснефть» пен «Лукойлға» санкция салу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жоспарланып отырған шаралар Кремльге қысымды күшейтуге бағытталған. Олардың қатарында мұнай секторына қатысты шектеулер мен Ресей мұнайын сатып алатын елдерге, соның ішінде Қытайға жаңа кедендік алымдар енгізу бар. Сондай-ақ «көлеңкелі флот» деп аталатын мұнай тасымалдайтын танкерлерге қарсы шаралар қолдану да қарастырылып жатыр.

Мәліметке сүйенсек, «Роснефть» пен «Лукойл» Ресейдің шикі мұнай экспортының шамамен жартысын қамтамасыз етеді — 2025 жылдың алғашқы жартысында бұл көлем тәулігіне 2,2 миллион баррельді құрады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды