«АҚШ пен НАТО Украинадағы соғысты білек сыбана демеп жатыр»

Украинадағы соғыста үлкен бетбұрыс жасалып жатқан сыңайлы.

ғаламтордан

Батыстың көмегінің соңғы уақытта артуының себебінен Украина әскерінің әлеуеті арта түскен. Оның алғашқы нәтижелері де айдан анық көрініп жатыр. Себебі Ресейдің Харьков түбіндегі шабуылы алға жылжымай, есек аяңға түсіп кеткен көрінеді. Әрі Батыс өз қаруымен Ресейдің аумағындағы әскери нысандарды атқылауға Украинаға рұқсат беріп отыр.

Украинадағы соғыстың жай-жапсары қандай болып жатқаны және Батыстың оқиғаға баға беруі жайлы Nege.kz ақпараттық-сараптамалық порталы шолу материалын жариялаған екен. Материал Швейцарияда өткен Бейбітшілік саммитінен бір күн бұрын шыққан.

Nege.kz бүкіл жағдайды жұп-жұмыр етіп аршылған жұмыртқадай қалыппен жинақы ұсынған. Сондықтан материал үлкен-кішіге бірдей түсінікті әрі есте сақталуы жеңіл стилмен берілген.

 

Қазір оқып жатыр

«Астана дәмханаларына ит еті жеткізілген» деген сыбысқа ветеринарлар не дейді?

«Қайрат Сатыбалды әскери колледжде дәріс оқыған»: Қорғаныс министрлігі мән-жайды түсіндірді

Депутат «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысын құруды ұсынды

«Дәмханаларда ит етінен тағам әзірленген»: Депутат ІІМ-ге жүгінетінін мәлімдеді