14 октября 2025 г. 10:56

Газа секторында соғыс тоқтады: АҚШ, Мысыр, Қатар және Түркия атысты тоқтату туралы декларацияға қол қойды

Фото: ғаламтордан

Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси бұл құжатты «адамзат тарихындағы ауыр кезеңді жапқан және бейбітшілік пен тұрақтылықтың жаңа дәуірін ашқан құжат» деп атады.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, енді палестиналықтардың «еркін өмір сүруге және тәуелсіз мемлекетінде Израильмен бейбітшілік, қауіпсіздік пен өзара түсіністік жағдайында қатар өмір сүруге құқығы бар».

Қол қою рәсімі Таяу Шығыстағы соғысты тоқтатудағы ең маңызды күннің қорытындысы болды. Израильге ХАМАС тұтқынында екі жылдан астам болған барлық тірі тұтқындар қайтарылды, ал палестиналық аумақтарға Израиль түрмелерінен шамамен 2 мың тұтқын мен ұсталғандар босатылды.

Алайда саммитке ХАМАС пен Израиль өкілдері қатысқан жоқ.