11 октября 2025 г. 14:34

АҚШ Қытай тауарларына 100 пайыздық баж салығын енгізбек

Фото: ғаламтордан
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан келетін тауарларға салынатын баж салығын екі есе арттырып, қосымша экспорттық шектеулер енгізуді жоспарлап отыр.

Алматы, NEGE. Бұл туралы АҚШ президенті өз әлеуметтік желісі Truth Social-де жариялаған.

Трамптың айтуынша, Қытай 1 қарашадан бастап барлық өндірістік өнімге экспорттық бақылау енгізетінін мәлімдеп, «өте агрессив ұстаным танытқан».

Ол бұл шаралар «көп жыл бұрын әзірленген жоспардың бір бөлігі» екенін атап өтті.

Трамптың сөзінше, бұған жауап ретінде Вашингтон да 1 қарашадан бастап (немесе Бейжіңнің әрекетіне байланысты одан да ертерек) Қытай тауарларына қолданыстағы баж салығын 100 пайызға дейін көтеріп, «барлық стратегиялық маңызы бар бағдарламалық қамтамасыз етуге» экспорттық шектеулер қояды.