АҚШ Қазақстандағы екі компанияға санкция салды

АҚШ Ресейдің энергетика саласына қарсы жаңа санкциялар пакетін дайындады. 

Qaz365

Алматы, NEGE. Бұл тізімге Ресеймен байланысы бар екі қазақстандық компания да кірді. Ресейлік екі ірі мұнай-газ компаниясы «Газпром нефть» пен «Сургутнефтегаз» санкцияға ұшырады. «Совкомфлот», «Роснефть» және «Газпром Нефть» компанияларына қатысы бар 100-ге жуық кемеге қысым күшейеді.

Тізімге Ресейдің 30-дан астам мұнай сервистік компаниялары, Мәскеу және Омбы мұнай өңдеу зауыттары – «Газпром нефть» пен «Сургутнефтегаз» кіреді.

Санкциялық тізімдегі тұлғалардың арасында «Росатом» бас директоры Алексей Лихачев, «Газпром нефть» және «Лукойл» басшылары Александр Дюков пен Вадим Воробьев, «Татнефть» бас директоры Наиль Маганов бар.

АҚШ Қазақстандағы компанияларға да шүйлікті. Атап айтқанда: 

  • «Газпром Нефть» компаниясының қазақстандық еншілес кәсіпорны – «Газпром Нефть Қазақстан» (Қазақстан Республикасындағы жанармай құю станциялары желісіне иелік етеді);
  • «Совкомфлотпен» байланысы бар UMBRA NAVI SHIPMANAGEMENT CORP қазақстандық компаниясы.

Екі компания да Алматы қаласында тіркелген. UMBRA NAVI SHIPMANAGEMENT CORP компаниясына тиесілі Oxis кемесі де санкцияланды.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды