АҚШ Канаданы қойып, басқа елге соғыс ашатынын айтып қорқытты

АҚШ Мексиканы есірткі картельдерімен күресті күшейтпесе, әскери әрекетке баруы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы The Wall Street Journal (WSJ) басылымы хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мұны сарапшылар жаңа сауда тарифтері аясында жасалған қысым деп бағалап отыр.
Басылымның мәліметінше, Пентагон басшысы Пит Хегсет 31 қаңтарда телефон арқылы мексикалық шенеуніктерге АҚШ әскері «егер Мексика үкіметі мен картельдер арасындағы жағдай реттелмесе», біржақты әскери шара қабылдауға дайын екенін ескертті.

WSJ деректеріне сүйенсек, бұл мәлімдеме Мексика басшылығы арасында «түсініспеушілік пен наразылық» туғызды. Сондай-ақ газет Хегсеттің ескертуін Вашингтонның Мексикаға ықпалын күшейту әрекеті ретінде бағалап, оны сауда келіссөздеріне қысым жасаудың бір жолы деп сипаттайды.

Мексика тарапы қазір Трамп уәде еткен Қытайдан келетін импортқа 10 пайыздық баж салығы мен 25 пайыздық тарифтерді тоқтату үшін барын салып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ