АҚШ билігі Венесуэла президенті Мадуроның ұшағын тәркіледі

Америка Құрама Штаттарының билігі Венесуэла президенті Николас Мадуроның ұшағын тәркілеп, Флоридаға жеткізді. Венесуэла үкіметі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды CNN.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Басылымның мәліметінше, Dassault Falcon 900EX ұшағы Доминикан Республикасында тұрған, кейін бұйрыққа сәйкес Флоридаға жеткізілді. Ұшақтың құны 13 миллион долларға бағаланып отыр. 

Дегенмен, ақпарат көздері ұшақты тәркілеуге себеп болған жағдайды атамады. АҚШ Әділет министрлігі лайнердің АҚШ-қа жеткізілгені туралы ақпаратты растады. 

АҚШ Әділет министрлігі оны «жалған» компания арқылы заңсыз сатып алып, Николас Мадуро мен оның серіктестері пайдалану үшін Америка Құрама Штаттарынан алып кеткен деп санайды.

Венесуэла билігі ұшақты басып алуға қатысты пікір білдіріп үлгерді. Ел үкіметі АҚШ-тың әрекетін қарақшылық деп атады.

Қазір оқып жатыр

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады