АҚШ әуежайында American Airlines жолаушылар ұшағы өртеніп кетті

Денвер (Колорадо) халықаралық әуежайында American Airlines жолаушылар ұшағы кенеттен өртеніп кетті.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген, барлық жолаушылар дер кезінде эвакуацияланған.

Америка шенеуніктері адам өміріне қауіп жоқ екенін растады.

CNN хабарына сәйкес, Денвер (Колорадо) халықаралық әуежайында Boeing 737 бортындағы өрттен зардап шеккен 12 адам ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаға байланысты тергеу басталған.

Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларда төтенше жағдайлар қызметі өртті сөндірумен айналысып жатқан кезде ұшақтан қою түтіннің көтерілгенін көруге болады.

Қазір оқып жатыр

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр