АҚШ 75 елдің азаматына виза беруді тоқтатты: Тізімде Қазақстан да бар

АҚШ Қазақстанды қосқанда әлемнің 75 еліне иммиграциялық виза беруді тоқтатты.

freepik.com

Астана, NEGE. АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, шешім 2026 жылғы 21 қаңтардан бастап күшіне енеді.

«АҚШ Мемлекеттік департаменті жоғары қауіп тобына жататын елдерден келетін иммигранттардың АҚШ-та әлеуметтік жәрдемақыларды пайдаланбауын немесе мемлекетке жүк болмауын қамтамасыз ету мақсатында барлық саясатты, ережелер мен нұсқаулықтарды толық қайта қарау үдерісін жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.

Иммиграциялық виза берілмейтін елдер қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Армения, Грузия, Моңғолия, Өзбекстан сынды мемлекеттер бар.

АҚШ билігінің нақтылауынша, бұл шешім уақытша жұмысшыларға, студенттерге немесе туристерге арналған қысқа мерзімді визаларға қолданылмайды, тек иммиграциялық визаға өтініш қабылдау ғана тоқтатылады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?