Ақсай қаласында мектеп автобусы өртеніп, жүргізуші жарақат алды

Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласында мектеп жанында автобус отқа оранды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. БҚО ТЖД Бөрлі ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Талғат Темірғалиевтің мәлім еткеніндей, 21 сәуір күні Аралтал шағынауданында ПАЗ автобусы жанған.

«Тілсіз жау сағат 17.40-та оқшауланып, 17.56-да ауыздықталды. Өрттің шығу себептері, келтірілген залал анықталу үстінде», – деді Т.Темірғалиев.

Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің мәліметіне қарағанда, автобус № 8 орта мектеп сыртындағы тұрақта тұрған кезінде шамамен сағат 17.25-те капот астындағы сымдары тиіп, өртенген. Оқиға орнында оқушылар болған жоқ. Көлік жүргізушісі оң қолынан жарақат алды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жеткен кезде ер адамның зардап шеккені анықталды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, аудандық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Ер адам 1 дәрежелі күйік алған, денесінің 3 пайызы зақымданған.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?