Ақпараттық хабарлама: Құрылтай сайлауы-2026

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына үміткер кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлауалды насихат материалдарын орналастыру үшін «Nege Media» ЖШС-нің www.nege.kz сайтында интернет алаңдарын ұсынудың жалпы шарттары.

gov.kz

«Nege Media» ЖШС – www.nege.kz сайтының (бұдан әрі – Сайт) меншік иесі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» №2464 Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Құрылтайына сайлау тағайындау туралы» №1338 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына үміткер кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға Сайтта Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына сайлауға қатысу үшін сайлауалды насихат материалдарын (бұдан әрі – насихат материалдары) орналастыру бойынша төлем көлемі, интернет алаңдарын ұсынудың шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.

Сайлауалды насихат партиялық тізімдер бойынша кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін басталып, сайлау алдындағы күннің сағат 00:00-де аяқталады Осылайша Сайтта насихат материалдарын орналастыру 2026 жылғы 23 шілдеде басталып, 2026 жылғы 22 тамыз күні сағат 00:00-де аяқталады.

Сайт интернет алаңдарын ұсынуды Сайттың меншік иесі мен саяси партияның сенімді өкілі арасында жасалған шарт пен жазбаша өтініштің негізінде жүзеге асырады.

Насихат материалдарының саны мен орналастыру кезеңі саяси партияның сенімді өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіліп, олар кейін шартта бекітіледі.

Өтініш өтініштерді тіркеу журналында кезек тәртібімен әр өтінішке реттік нөмір беріліп және өтініштің түсу күні көрсетіле отырып, тіркеледі.

Жазбаша өтінішке келесі құжаттар қоса берілуі тиіс:

  • партиялық тізімнің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • саяси партияның сенімді өкілінің өкілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесі (олардың қатарында өкілетті орган берген куәлік болуы тиіс);
  • сенімді өкілдің жеке куәлігінің көшірмесі;
  • сенімді өкілдің шартты жасау үшін өкілеттігін растайтын құжаттар.

Сайтта насихат материалдарын орналастыру кезегі жазбаша өтініштердің түсу реті бойынша, ал өтініштер қатар түскен жағдайда жеребе тарту арқылы анықталады. Орналастырылған материалдар Сайттың Desktop нұсқасында, мобильді нұсқада және Сайттың мобильді қосымшасында қолжетімді болады.

Насихат материалдары Сайтқа орналастыруға кем дегенде 1 (бір) күнтізбелік күн қалғанда HTML5, GIF, JPEG, PNG, Microsoft Word форматтарында ұсынылады.

Насихат материалдарында қаржыландыру көздері туралы визуалды ақпарат және ақпаратты ұсынған сенімді өкілдің тегі мен аты-жөні болуы тиіс.

Насихат материалдарын ұсынған саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келуі үшін жеке жауапкершілік арқалайды.

Сайттың меншік иесі, егер насихат материалдарында конституциялық құрылымды күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және руаралық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық культін насихаттау, заңнамада көрсетілмеген әскерилендірілген құрылымдар құру туралы идеялар болса, сондай-ақ, олардың ішінде депутаттыққа үміткер басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскери беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда, оларды орналастырудан бас тартуға құқылы. Саяси партияның сенімді өкілі Сайттың меншік иесінің талабы бойынша материалдарда жоғарыда аталған ақпараттың жоқ екенін растайтын құжаттарды беруге міндетті.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет алаңдарды ұсынудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының өкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Материалдарды орналастырудың құны:

NEGE

Орналастыруға қабылданатын материалдарға қойылатын техникалық талаптар:

Контентке қойылатын талаптар:

Қабылданатын дайын баннерлердің форматы: HTML5, GIF, JPEG, PNG;

Көлемі сіз таңдап алған суреттің форматына дәлме-дәл сәйкес келуі тиіс;

Баннер бірнеше хабарландыруды көшірмеуі керек, мысалы, бір суреттің көптеген ұсақ көшірмелерінен тұрмауы тиіс;

Баннердегі суреттер сапалы және түсінікті, жақсы оқылатын мәтінмен болуы тиіс. Бұлыңғыр және көмескі суреттерді пайдалануға жол берілмейді.

Анимацияның ұзақтығы 30 секундтан аспауы тиіс;

Анимация кезең-кезеңімен, алайда, 30 секундтан аспайтын уақытта жүргізілуі тиіс;

Жарнамада жыпылықтау, жарқылдауық фон және басқа да тітіркендіргіш эффектілерді қолдануға тыйым салынады;

Скриптердің зиянды тітіркендіргіш әрекеттерін: мысалы, pop-up терезелерін өздігімен ашуға, беттің мекенжайын ауыстыруға әкелетін шақырулар және т.б. пайдалануға тыйым салынады;

Операциялық жүйе (ОЖ) интерфейсінің элементтері бар баннерлерге тыйым салынады;

Пайдаланушыға веб-беттің сілтемесін міндетті түрде көрсету керек.

HTML5-ке қойылатын талаптар

HTML5 файлдары бар ZIP-архив жасау кезінде келесі талаптарды сақтаңыздар:

  •  ZIP-архивтен алынған HTML5 файлдар SSL-мен сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. HTTPS қолдауы бар сайттарда көрсету үшін HTML5 SSL-мен сәйкес келуі тиіс.
  • Google Web Designer-де DoubleClick ортасын таңдаңыз. Егер HTML5 креативтерін жасау үшін сіз Google Web Designer-ді қолдансаңыз, орта үшін «DoubleClick» нұсқасын таңдаңыз.

ZIP архивінде HTML коды мен CSS, JS, HTML, GIF, PNG, JPG, JPEG, SVG сияқты басқа форматтардағы файлдар болуы тиіс;

ZIP көлемі 150 КБ-тан аспауы тиіс.

Жүктелетін ZIP архивте 40 файлдан артық болмауы тиіс.

Код пен барлық ресурстарға ZIP архивінде салыстырмалы жол көрсету қажет. Сыртқы сілтемелерді қоспаңыз. jQuery Google кітапханасында орналастырылған Google Fonts-ты есепке алмағанда.

Файлдардың атаулары тек латын әріптерімен, сандармен және символдармен жазылуы тиіс.

GIF, JPEG, PNG баннерлеріне қойылатын техникалық талаптар:

Баннердің көлемі 150 Кб-тан аспауы тиіс; Анимацияланған GIF-баннер секундына 5 кадрдан артық емес жылдамдықпен жүргізілуі тиіс.

PR материалдарды орналастыруға қойылатын техникалық талаптар:

Барлық насихат материалдары Nege.kz порталындағы жаңалықтар жарияланымдарының жалпы талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Материалдағы тақырып пен лид Nege.kz порталындағы жарияланымдардың форматына сәйкес келуі тиіс;

Тақырып бос орындарды қоса алғанда 90 символдан аспауы тиіс;

Лид бос орындарды қоса алғанда 200 символдан аспауы тиіс;

Материалдарға қоса кем дегенде бір сурет берілуі тиіс (көлденең форматтағы фото 1920х1080рх),

Мақаладағы ең көп берілуі мүмкін сурет саны – 5 фото;

Сапасы төмен сурет файлдарын пайдалануға жол берілмейді;

Материалмен мағыналық байланысы бар болған жағдайда 2 гиперсілтеме орналастыруға мүмкіндік беріледі.

Әлеуметтік желілердегі посттарға қойылатын техникалық талаптар

Instagram

Посттар:

Суреттердің форматы: JPEG, PNG

Суреттердің саны: 10 суретке дейін

Суреттердің рұқсат өлшемі: 1080 × 1350 px (жақтарының арақатынасы 4:5)

Пост мәтінінің ұзақтығы: бос орындарды қоса алған 200-ден 2 200 символға дейін

Бейне (Reels):

Ұзақтығы: 1 минутқа дейін

Рұқсат өлшемі: 1080 × 1920 px (9:16)

Форматы: MP4, MOV

Instagram Stories

Суреттердің форматы: JPEG, PNG

Бейненің форматы: MP4, MOV

Минималды рұқсат өлшемі: 720 × 1280 px

Ұзақтығы: 60 секундқа дейін

Бейненің көлемі: 30 МБ-қа дейін

Telegram-канал

Суреттердің форматы: JPEG, PNG

Суреттердің саны: 5 суретке дейін

Посттың ұзындығы: бос орындарды қоса алғанда 1 000 символға дейін

Суреттің ені: 1280 px-ден кем болмауы тиіс

Қосымша: суреттемеде хештегтерді, сыртқы сілтемелерді пайдалануға, сондай-ақ, редакциямен келіскен жағдайда, Telegram арналарын, чаттарды және жазылушыларды атап өтуге жол беріледі.

Бейне:

Форматы: MP4, MOV, GIF

Бейненің көлемі: 20 МБ-қа дейін

Facebook

Суреттердің форматы: JPEG, PNG

Суреттердің саны: 5 суретке дейін

Посттың ұзындығы: бос орындарды қоса алғанда 3 000 символға дейін

Суреттердің рұқсат өлшемі: 1200 × 630 px

Бейне:

Рұқсат өлшемі: 1080 px

Жақтарының арақатынасы: 16:9 (кең экранды)

Форматы: MP4, MOV

Бейненің көлемі: 50 МБ-қа дейін

Жасалған шарт бойынша Сайтта насихат материалдарын орналастырғаны үшін төлем Сайттың меншік иесінің төлем жасауға қойылған шотының негізінде шот қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылуы тиіс.

Жазбаша өтініштерді Сайттың меншік иесі 2026 жылғы 14 шілдеден бастап, демалыс және мереке күндерінен бөлек, келесі мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 17В кіре беріс, 311-кеңсе, сағат 10 сағат 00 минуттен 18 сағат 00 минутке дейін қабылдайды. Жазбаша өтініштер факсимильді және интернет байланыс арқылы қабылданбайды.