Ақпарат және қоғамдық даму министрі ресейлік телеарналарды жабу мәселесі туралы пікір білдірді
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров үкімет отырысынан кейін Ресейдің насихат жүргізетін телеарналар туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алматы, NEGE. "Ресейлік және басқа да шетелдік телеарналар кабельдік желі арқылы көрсетіледі. Әр адам пакетті таңдауға құқылы. Бірақ пакеттерде міндетті түрде қазақстандық 15 арна болады. Бірінші пакетте болады. Басқа пакетті көрермен өзі таңдайды. Бірақ кейбір телеарна Қазақстан заңын бұзса, азаматтар құзырлы органдарға арыз түсіре алады", - дейді Омаров.
Оның айтуына қарағанда, әлдебір арнаны шектеу мәселесі күн тәртібінде жоқ. Demoscope жүргізген сауалнамаға қарағанда, қазақстандықтардың басым бөлігі Ресейдің үгіт-насихатына ереді.