Ақпарат министрлігі БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеуге қатысты түсініктеме берді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі пандемия кезінде БАҚ үшін салықсыз режим аяқталғаннан кейін БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеу мәселесі жөнінде түсініктеме берді.

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәлімдеуінше, жақында журналистер қауымдастығының жекелеген өкілдері пандемия кезінде БАҚ үшін салықсыз режим аяқталғаннан кейін БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеу мәселесін көтерген.

«Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп Заңнамаға тиісті түзетулер әзірлеп жатқанын және ағымдағы жылдың қыркүйек айында оларды ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз. Осылайша, декреттік жәрдемақыларды төлеу мәселесін ағымдағы жылдың соңына дейін шешу көзделіп отыр», делінген хабарламада.

Бұл мәселе Ақпарат және қоғамдық даму министрінің жеке бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді