Ақпарат майданына Alash.kz қосылды

Редакция ұжымының айтуынша, сайт қоғамдық-саяси, әлеуметтік, экономикалық тақырыптарды, сондай-ақ білім мен спорт, медицина мен қорғаныс, әдебиет пен тарихты да қамтымақ.

Алматы, NEGE. «Жасыратыны жоқ, қазір не көп: сайт пен портал көп. Ол аз десеңіз, әр газеттің бір-бір сайты тағы бар. Бүгін ашылып, ертең жабылып жатқандары да аз емес. Бірақ қазақ тілді аудиторияға арналған қазақ тілді сапалы контент аз, санаулы ғана. Біздің мақсат осы кеңістікті сауатты, ауқымды қазақ тілді контентпен толтыру. Мемлекет саясатын ақпараттық қолдау, Ресей пропагандасына қарсы тұру, жалған ақпараттардың жолын кесу – біздің сайттың негізгі ұстанымы.

Аlash.kz сайты Қазақстан ақпарат кеңістігінде өз орны бар, бағыт-бағдары айқын, мақсаты мен міндеті нақтыланған үлкен ақпарат агенттігіне айналатыны анық!», – дейді сайт ұжымы

Nege.kz ұжымы әріптестерге сәттілік тілейді.