Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық ауыс-түйістер болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 20 қазанда, коммуникацияға жауапты құрылымдардың жаңа басшыларын тағайындады.

gov.kz, primeminister.kz

Астана, NEGE. Мемлекет басшысының өкімімен Евгений Кочетов Президент әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Ол бұған дейін мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарған.

Қанат Құлшыманов Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің басшысы атанды. Бұған дейін ол Президент әкімшілігінің коммуникациялар бөлімін басқарған.

Ал Асқар Омаров орталық коммуникациялар қызметінің директоры қызметінен босатылды.