Ақордада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесі өтті

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесі өтті, – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Алматы, NEGE. Жиында халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қаралды.

Жиында Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді.