8 августа 2024 г. 11:52

«Ақорда» резиденциясында Шавкат Мирзиёевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.