«Ақорда» резиденциясында Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды. Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.