28 мая 2025 г. 11:31

Ақорда резиденциясында Руанда Республикасының Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Астана, NEGE. Ақорда резиденциясында елімізге ресми сапармен келген Руанда Республикасының Президенті Поль Кагамені салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Руанданың әнұрандары шырқалды.