2 октября 2025 г. 16:53
«Ақорда» резиденциясында Мажарстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана, NEGE. «Ақорда» резиденциясында елімізге ресми сапармен келген Мажарстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Сапар аясында президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок Digital Bridge 2025 халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысады.