«Ақорда» резиденциясында Армения Президенті Ваагн Хачатурянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Армения Президенті Ваагн Хачатурянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті,деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды. Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.