Ақобалықтардың көптен күткен қуанышы: AMANAT қолдауымен білім ордасына жаңа ғимарат салынды

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық партиялық бақылау комиссиясына жүгінген тұрғындар ұзақ уақыттан бері Ақоба ауылындағы мектептің жағдайын жеткізіп келген болатын. Бұл мәселені партия филиалы да назарға алып, 2023 жылы Х. Халиуллин атындағы мектептің жаңа ғимаратын салып берді.

БҚО әкімдігі

Ақоба ауылындағы өткен ғасырдың 60 жылдарында салынған ескі ғимаратта ешқандай қолайлы жағдай жасалмаған еді. Х. Халиуллин атындағы ЖОББМ – талай талантты түлекті тәрбиелеген қасиетті қара шаңырақ. Бұл білім ордасында оқитын бала саны аз болса да, сапалы білім алып, ел мүддесіне қызмет етіп жүрген шәкірттер саны аз емес. Алайда ұзақ уақыттан бері ұстаздар мен шәкірттерді мектептің күрделі жөндеу көрмегені толандырып келді. Ауыл тұрғындары бұл мәселені жергілікті билік өкілдерінің алдында, түрлі жиындарда да көтеріп келген. AMANAT партиясы аудандық бақылау комиссиясы ұсынысымен партия филиалы бұл мәселені назарға алып, сайлауалды уәделер қатарына қосты.

БҚО әкімдігі

2023 жылы AMANAT партиясы 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында Х. Халиуллин атындағы мектепке күрделі жөндеу емес, ескі ғимараттың орнына жаңа заманауи мектеп салынды. Бұл сәтті ұзақ күткен ауыл тұрғындарының партияға алғысы зор. Бұл – сайлауалды уәделердің орындалуының айқын дәлелі.

«Ақоба ауылындағы жаңа мектеп барлық заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған спорт залымен, мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастыруға арналған акт залымен, асхана және шеберхана кабинеттерімен толық қамтылған. Қыздар қолөнер үйірмесі қатысушылары мектептегі терезе жабындарын да өз қолдарымен дайындауға мүмкіндік алып отыр. Ұзақ уақыт ауыл тұрғындарының басты мәселесіне айналған сұрақта AMANAT партиясы мәселенің оң шешімін табуға күш салды» – деді аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қайырғалиев.

БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында 2023 жылдан бері партияның сайлауалды бағдарламасы аясында 8800 орындық 29 білім беру нысаны бой көтерген.