АҚНАЗАР ХАН КӨШЕСІ УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ

Шымкент қаласындағы орталық магистралды жолдың бірі саналатын Ақназар хан көшесі орташа жөндеуден өтуде.

Шымкент, NEGE. Жөндеу жұмысы осы жылдың сәуір айында басталған болатын. Құрылыс жұмыстарын «Базис-К» мердігер мекемесі атқарып жатыр.

Жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасы 23-24 қазан күндері Ақназар хан көшесінің екі кезең бойынша жөндеу жұмысына байланысты жабылатынын мәлімдеді.

Бірінші кезең – 23 қазан күні Елшібек батыр мен Жанқожа батыр көшелері аралығы және екінші кезеңде – 24 қазан күні Аймауытов және Елшібек батыр көшелері аралығында көлік қозғалысы шектеледі.

Көшесінің жалпы ұзындығы, екі жолақты 2,28 шақырымды құрайды. Жолдың төменгі түзету қалыңдығы 4 см, ал асфальт бетонның беткі қабаты 5 см болады.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды