Ақмолалық тұрғын Ресейде ұрланған көлікті сатып алған

Ақмолалық тұрғын Ресейде ұрланған көлікті сатып алған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола, NEGE. 1 желтоқсанда Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғынынан арыз түсті. Ер адам Щучинск қаласының 64 жастағы тұрғыны оған Ресей Федерациясының Челябинск қаласында ұрланған Nissan Almera маркалы көлігін сатқанын хабарлады. Келтірілген шығын сомасы 1 млн. 50 мыңды құрады.

Аталған факті бойынша 196-баптың 3-бөлігі (Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі