Ақмолада жемқорлық жасап сотталған 42 шенеуніктің 16-сы ғана түрмеге қамалған

Ақмола облысында бір жылда сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 42 адам сотталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола, NEGE. Ақмола прокуратурасы таратқан мәліметке сенсек, 16 адам бас бостандығынан айырылған, 16-сына айыппұл салынса, 10 сотталушының бас бостандығы шектелген.

Айта кетейік, мемлекеттік органдарда төменгі буыннан бастап басшылық құрамға дейін әртүрлі лауазымдарды атқаратын субъектілер жауапкершілікке тартылады.

Мәселен, биыл Көкшетау қалалық сотының облыстық полиция департаментінің лауазымды тұлғалары А.Садуов пен С. Жұмалинаға қатысты сыйақы беру және іссапарға жіберу туралы жалған бұйрықтар шығару арқылы бюджеттік қаражатты жұмсау фактілері бойынша үкім заңды күшіне енді. Олар полиция полковнигі атағынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді