Ақмолада мектеп өртенді

Ақмола облысының Зеренді ауданында мектептен өрт шықты.

Алматы, NEGE. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт биылғы жылғы қазанның 26-да Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінде орын алған. Тілсіз жау 40 шаршы метр алаңда шарпыды.

«Өрт 02:05-те ауыздықталып, 15 минут ішінде сөндірілді. Өрттің шығу себептері анқыталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ», – деді ведомстводан.

Облыстық білім басқармасынан атап өткендей, өрт шыққан мектептеде сабақ осы аптаның соңына дейін онлайн режимге өтеді.

Осы ретте Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барлық тұрмыстық электр аспаптарын қолданғанда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Air Astana-ны 21 жыл басқарған Питер Фостер ресми түрде қызметінен кетті

Депутат ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру жолдарын ұсынды

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті психиатриялық ауруханаға жатқызылды

Бапи: Дүмше уағызшылар қоғамға қауіп төндіріп отыр