Ақмолада келіндер байқауы өтті

Ақмола облысында «Жақсы келін – ырысың» облыстық келіндер байқауы өтіп, жүлдегерлері марапатталды.

Алматы, NEGE. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Наурыз мейрамын мерекелеу аясында өткізілген байқау қарапайымдылыққа, еңбексүйгіштікке, қонақжайлылыққа негізделген және қыз бала тәрбиесіндегі отбасылық құндылықтарды насихаттау, қазіргі қоғамда әйелге ана мен отбасының қамқоршысы ретінде құрметпен қарау сезімін қалыптастыруға бағытталған.

Байқауға Ақмола облысының 5 ауданы мен Көкшетау және Степногор қаласынан ниет білдірген 7 келін қатысты. Үміткерлер өздерінің өнерін көрсетіп, салт-дәстүр, фольклор туралы білімдерін ортаға салады.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде иегері мен «Сымбатты келін», «Өнерлі келін», «Шебер келін» номинацияларының жеңімпаздары анықталады.

«Байқаудың гран-при жүлдесіне Зеренді ауданының Бірлестік ауылындағы «SARA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі агрономның көмекшісі Ақжарқын Сағындықова ие болса, жүлделі бірінші орынды Аршалы аудандық мәдениет үйіндегі «Қарлығаш» қобызшылар ансамбілінің жетекшісі Рәбиға Стыбаева жеңіп алды. Ал, екінші және үшінші орындарды Атбасар ауданындағы Агротехникалық колледжі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Әйгерім Қасенова мен Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ақбота Ташенова өзара бөлісті», - деді Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді