Ақмолада дизельді көліктер қозғалысына тыйым салынды

Ақмола облысында қолайсыз ауа райына байланысты жол жабылды.

Алматы, NEGE. «ҚазАвтоЖол» кәсіпорны Ақмола филиалы таратқан мәліметке сенсек, ауа температурасының -38 градусқа дейін төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар жолдар түгел жабылады.

«Құрметті жол қолданушылары, аяз күшейіп, минус 38 градусқа жетті.

Осыған байланысты 2 қаңтар сағат 18:00 бастап дизель отынын пайдаланатын көлік құралдарының республикалық маңызы бар барлық бағыттағы жолда жүруіне тыйым салынады.

Күн райы жылынып, ауа райы жақсарғанға шейін алыс жаққа жолға шықпағандарыңыз жөн» делінген кәсіпорынның хабарламасында.