Ақмолада cинтетикалық есірткі шығаратын зертхана жойылды
Арнайы операция барысында өз үйінің қосалқы үй-жайында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан Астрахан ауданының тұрғынын анықталды, деп хабарлайды Полиция.
Алматы, NEGE. Тұрғылықты жерін тінту кезінде күдіктіден 38 грамнан астам психотроптық a-PvP заты тәркіленді. Сондай-ақ “синтетика” жасау үшін пайдаланылған зертханалық жабдықтар, пластикалық канистрлер және прекурсорлары бар шыны банкалар тәркіленді.
Тиісті сараптама тағайындалды. Жедел қызметкерлердің айтуынша, шамамен 2022 жылдың қараша айында ер адам Telegram қосымшасы арқылы жұмысқа орналасқан.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті қамауға алынды.