Ақмолада 16 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

5 сәуір Көкшетау қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне 2006 жылғы кәмелетке толмаған сіңлісі Тойбазар Лейла Асхатқызын іздестіруге жәрдем беру туралы тұрғын өтініші келіп түсті.

Алматы, NEGE. Ол 4 сәуір күні сағат 16:00 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен.

Белгілері: бойы 150-155 см, дене бітімі арық, шашы қара, қысқа, көздері қоңыр. Үстінде күңгірт жасыл түсті күрте, қара түсті шалбар, қара түсті кроссовка.

Қандай да бір ақпаратқа ие адамдардан Көкшетау қаласының ПБ-на Сәтпаев көшесі, 1а мекенжайы бойынша немесе телефон арқылы хабарлауды сұрайды. Байланыс нөмірлері: 8-(7162)-25-78-05, 8-747-352-16-95 немесе 102.