Ақмола облысының бірқатар өңірлерінде тәулігіне 7000 текше метр қар шығарылды
Ақмола облысының жекелеген өңірлерінде қардың көп түсуіне байланысты жергілікті атқарушы органдар күшейтілген режимде жолдарды тазарту және елді мекендерден қар шығару жұмыстарын жалғастырды.
Алматы, NEGE. 2023 жылғы 14-18 сәуір аралығында антициклондардың әсерінен Степногорск, Қосшы қалаларында, Астрахан, Ақкөл, Ерейментау және Целиноград аудандарында қалың қар түсті.
Жоғарыда аталған аудандардың коммуналдық қызметтері тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар объектілерді еріген су басуына жол бермеу мақсатында бір тәулік ішінде елді мекендерден 7453 текше метр қар шығарды.
Қыс мезгілінің басынан бастап бүгінгі күнге дейін барлығы 1,6 млн.текше метр қар шығарылды.