Ақмола облысындағы төрт түлік белгісіз ауруға шалдықты

Соңғы бір айдан астам уақыт ішінде аймақтың 6 ауданында бас-аяғы 3 мыңға жуық мал ауырған.

Алматы, NEGE. Оның 2 жарым мыңдайы – ірі қара, қалғаны қой мен бірнеше бас доңыз. Мамандардың сөзінше, үй жануарларының қызуы көтеріліп, ауыздарынан сілекей аққан. Тіпті жем-шөп жемеген, су ішпеген. Нақты диагнозы анықталмағанымен, мал дәрігерлері мұны стоматит ауруына ұқсатып, ем шараларын соған сай жүргізген. Ең бастысы дерттің ауыр салдары тіркелмеген. Ал белгісіз індеттің пайда болуына құрғақшылық әсер еткен болуы мүмкін дейді мамандар.

Қазір оқып жатыр

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?

Әлеуметтік желілер мен интернетте заңсыз үгіт-насихат жүргізгені үшін айыппұл салынбақ

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды