Ақмола облысында жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті

25 ақпан күні Ақмола облысының Көкшетау-Жамантұз станциясының өткелінде жүк пойызының машинисі темір жолда жылқылардың болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды, деп хабарлады Полиция.

Алматы, NEGE. Алайда апаттың алдын алу мүмкін болмады, нәтижесінде 32 жылқыны қағып кетті. 

Игілік ауылының 28 жастағы тұрғыны анықталды. Жылқылардың қалған иелері ауыл тұрғындары үй жануарларын кезекпен жайып жүргендерін түсіндірді.

ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.