Ақмола облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген мигранттар ұсталды

Ақмола облысының полицейлері заңсыз жұмыс істеп жүрген 35 мигрантты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Заңсыз жұмыс істеп жүрген еңбек мигранттарын полицейлер “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ барысында анықтады. Шетелдіктер Ақмола облысының аумағына әр түрлі уақытта келгені анықталды.

Ақмола облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Шортанды ауданы Тонкерис ауылындағы кірпіш зауытының аумағында рейдтік іс-шараларды өткізу барысында уәкілетті органның рұқсатынсыз кірпіш зауытында еңбек қызметін жүзеге асырған 35 шетелдік азаматты анықтады. Қазіргі уақытта аталған заң бұзушылық үшін шетел азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.

Сондай-ақ заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдаған жұмыс берушіге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Естеріңізге сала кетейік, 16-20 қазан аралығында өңір аумағында “Құқықтық тәртіп” Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, ЖПІШ шеңберінде елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтау, есепке алынатын адамдарды бақылау, қаруды заңсыз сақтайтын немесе тасымалдайтын азаматтарды тексеру жұмыстары қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады