Ақмола облысында заңсыз жұмыс істеген 40-тан астам шетел азаматы анықталды

18 шілде 'Учаске' жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңды рұқсатсыз Өзбекстанның 43 азаматына жұмыс берген Қазақстан Республикасының азаматын анықтады, деп хабарлады Полиция.

Алматы, NEGE. Шетел азаматтары ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБТтК 519-бабы бойынша хаттама толтырылды.