Ақмола облысында үй өртеніп, 3 бала қаза тапты

25 қарашада Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылда үй өртеніп, үш кішкентай бала қаза тапты.

Алматы, NEGE. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өрттен 2 жасар ұл мен 6 жасар қыздың мәйітін алып шыққан. Кейін үйінді астынан тағы 1 бала өлі табылды. Тек 6 айлық сәби аман қалған. Ол оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Ақмола облысының өрт сөндірушілеріне өртті сөндіруге арнайы екі көлікпен келген 12 адамнан тұратын астаналық құтқарушылар көмектесті. Құзырлы органдар әзірге басқа мәлімет берген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты